Официальный сайт футбольного клуба «Акжайык»
06 мая 2012
«Ордабасы» 2:0 «Акжайык»
Шымкент. Стадион имени Кажимукана

Ордабасы - Акжайык 2:0 (0:0)
Голы:
Тажимбетов 47, Тажимбетов 62
Предупреждения: Карпович 39, Мвесигва 66 - Зенькович 3, Зотов 44
Ордабасы: Бекбаев, Мвесигва, Трайкович, Пахолюк, Карпович, Аширбеков, Гуйе (Джилас 72), Касьянов (Суюмбаев 89), Б. Кожабаев, Тажимбетов (Ирисметов 84), Арури
Резерв: Нестеренко, Жалмагамбетов, Бейсенов, Адырбеков
Акжайык: Цирин, Алиев, Хлебоун, Валканов, Омаров, Коструб, Зотов (Мальцев 82), Эрбес (Забродин 72), Стойчев, Семлер, Зенькович
Резерв: Багаутдинов, Шевцов, Хаиров, Киреев, Данаев
Судьи: Вишниченко (Костанай), Мельников, Козлов (оба - Актау)
6 мая. Шымкент. Стадион имени Кажимукана. 3000 зрителей

  

 

Премьер лига командалары арасында топ бастап келе жатқан Оралдың «Ақжайық» командасымен ойнау ордабасылықтарға үлкен жауапкершілік жүктеді. Осыны аңғарған бас бапкер Виктор Пасулько өзінің мықты футболшыларын алаңға шығарды. Алғашқы минуттан-ақ тізгінді өз қолдарына алған оралдықтар бірден шабуылға беттеді.
Бірақ, Трайкович пен Мвесигва бастаған қорғаушылар ешқандай да қателікке бой алдырмады. Матчтың 12 минутында Артем Касьяновтың айып алаңында тұрған Пахолюкке шығарған әдемі добы Романның қиыс тебуі себебінен қақпаға дарымай қалды. Бірінші таймның соңында ғана өздерінің алаң иелері екендіктерін жан-жақты сезінген «Ордабасы» футболшылары бірінен соң бірі өткір шабуылдар ұйымдастырды.
Осындай кезекті шаубылдың бірінде Дәуренбек Тәжімбетовтің 2 метрдей жерден баспен бағыттаған соққысы қақпа бағанасына тиіп, кері серпілді.
Ойынның екінші таймы толық шымкенттіктердің шабуылымен басталды. 47 минутта Артем Касьяновтың оң қанаттан әуелете шығарған добына алғашқылардың бірі болып жеткен Қайрат Әшірбеков қарсыластардың қақпасына доп бағыттауға әрекет жасап, қақпашы Циринді қапы қалдырып, жеке тұрған Тәжімбетоовке допты өткізіп жіберді. Мұндай мүмкіндікті мүлт жібермеген «Ордабасының» үздік ойыншысы алғашқы голдың авторы атанды. Есеп 1:0.
Көптен бері өзінің өткір шабуылдағы шеберлігін паш ете алмай жүрген Дәуренбек Тәжімбетов тағы да қақпашы Циринмен бетпе-бет шығып кетті. Алайда, Антон Цирин өз орнынан табыла білді. Кездесудің 62 минутында алаң иелері бірінен соң бірі қатарынан үш рет бұрыштама добын берді. Үшінші доп тағы да шабуылшы Д.Тәжімбетовтің баспен асқан шеберлікпен жасаған жойқын соққысы қақпа торын тулатты. Есеп 2:0.
Ал, Мансур Гуйенің де гол салатын мол мүмкіндігі болды. Соның бірі 40 метрдей жерден бос қалған қақпаға бағыттаған добы сәл ғана қиыс кетті. Бүгінгі кездесуде ұзақ уақыттан кейін жасыл алаңға шыққан Фархадбек Ирисметов пен Владимир Джилас та жоғары деңгейде өнер көрсетті. Алайда, Джилас үш метр жерден гол салатын сәтті мүмкіндікті қолдан шығарып алды.
Ойынның соңына қарай шымкенттік аяқ доп шеберлері қарсыластардың айып алаңынан шықпай қойды.



Йозеф ШКРЛИК , «Ақжайық» командасының бас бапкері:
- Шымкенттіктер бүгін өздерінің жоғары дәрежедегі ойын үлгісін көрсетті. Матч басталған сәтте-ақ біздің команданың гол салатын зор мүмкіндігі де болған еді. Бірақ, ізбасарларыма жол бермеген ордабасылықтардың бұл жетістігін жоғары бағалаймын. Бұл үшін команданың бас бапкері, әріптесім Виктор Пасульконы құттықтап, келесі ойындарда де жеңіс тілеймін.

Виктор ПАСУЛЬКО, «Ордабасы» командасының бас бапкері:
- Әрине, турнир басында көш бастап келе жатқан оралдықтармен кездесу біз үшін өте жауапты болды. Шәкірттерім бұл кездесуге шын мәнінде де жеңіске жетеміз деген серпіліспен шықты. Ойын барысында әсіресе, шабуыл шебіндегі футболшылардың түсіністікпен дер кезіндегі оңтайлы әрекеттеріне шексіз ризамын. Ол жоспарлары да жүзеге асты.
Бүгінгі матчта сұрмерген атанған Дәуренбек Тәжімбетов өзін жақсы қырынан көрінді. Ол әуедегі берілген доптың басым бөлігіне иелік етті.
Бұл ұлы жеңісті жергілікті жанкүйерлердің ыстық ықыластарының арқасында қол жеткізілген жеңіс деп білемін. Рахмет сіздерге.

 

 

 

Игра с лидером чемпионата уральским Акжайыком обещала быть сложной для Шымкентцев. Это хорошо понимали и игроки и тренер Ордабасы. Поэтому они вышли с настроем на победу.
Матч начался с атак гостей. После нескольких сумбурных действий Ордабасы, в какой то, миг показалось, что инициативой овладел Акжайык. Однако немного успокоившись, шымкентцы завладели центром поля и стали диктовать условия.
На 12 минуте Ордабасы разыграл первый штрафной. Касьянов навесил в штрафную гостей, но Пахолюк с удобной позиции не дотянулся до мяча.
Сразу после этого острого момента хозяева организовали еще один выпад. На 15 минуте Гуйе вышел один на один пробил по воротам, мяч прошел низом мимо ворот.
Почувствовав, свою игру шымкентцы окончательно завладели инициативой. На 17 минуте после передачи Тажимбетова, Касьянов с 20 метров пробил выше ворот.
Сдержав натиск хозяев, гости активизировались, прессингуя шымкентцев в центре поля. Самым опасным для обороны Ордабасы оказался момент созданный Эрбесом после подачи углового, направившего мяч выше ворот.
Середина первого тайма проходила уже на встречных курсах. Ордабасы старался действовать на Гуйе, раз за разом выводя нападающего на ударную позицию. Однако до четкого завершающего удара не доходит.
33 минута Пахолюк сильно пробил с 30 метров, выше ворот.
Концовка первого тайма проходила в непрерывных атаках Ордабасы. Тажимбетов на 42 минуте пробил головой по воротам, но попал в стойку ворот.
Второй тайм начался с острой атаки Ордабасы. На 47 минуте после навеса Касьянова, Аширбеков пытался пробить, но пропустил мяч на Тажимбетова, нападающий с острого угла протолкнул мяч в сетку. Гол 1:0 Забив гол шымкентцы еще больше взвинтили темп игры. Тажимбетов выходил один на один, но не смог переиграть вратаря.
В середине второго тайма Ордабасы подал 3 угловых подряд. Разыгрыш третьего углового на 62 минуте привел к голу. Тажимбетов головой отправил мяч в ворота. 2:0
Замены тренерским штабом Ордабасы в конце матча еще больше оживили игру. Вышедший, на замену Джилас вместо Гуйе сразу же бросился в бой. На 75 минуте после передачи Кожабаева Джилас вышел один на один, но пробить по воротам не получилось.
83 минута. Джилас создал очередной опасный момент, Поборовшись справа, сделал передачу на Тажимбетова, но Тажимбетов в прыжке не дотянулся до мяча.
Концовка матча так и прошла в атаках Ордабасы. Шымкентцы ,желая отличиться еще хотя бы раз создали сто процентный момент Джиласу, но нападающий пробил мимо ворот.

После игры
Йозеф Шкрлик, главный тренер ФК «Акжайык»
- «Ордабасы» сегодня победил заслуженно, они были более активны и мастеровитыми. Соперник создал больше моментов и реализовал их. Мы же не смогли воспользоваться своим шансом.

Виктор Пасулько, главный тренер ФК «Ордабасы»
- В первом тайме мы создали несколько хороших моментов, однако не смогли их реализовать, это разозлило ребят и на второй тайм игроки вышли еще более мотивированными. Мы забили два красивых гола, нейтрализовав все атакующие действия соперника.




Ілияс ЖОЛДАС, «Ордабасы» КФК пресс-атташесі
Малик ИСКАКОВ, фототілші



Судьи

Инспектор