Соңғы матчтарда негізгі құрамда шығып жүрген жергілікті футбол мектебінің түлегі Максим Литвинов "Ақжайық"-"Астана М" матчынан соң клуб баспасөз қызметіне шағын сұхбат берді.

 Соңғы матчтарда негізгі құрамда шығып жүрген жергілікті футбол мектебінің түлегі Максим Литвинов "Ақжайық"-"Астана М" матчынан соң клуб баспасөз қызметіне шағын сұхбат берді.

-Максим, матч туралы ойыңды білдірсеңіз.

-Біріншіден, негізгі құрамға шығуға мүмкіндік берген бапкеріме ризашылығымды білдіргім келеді. Сенімдерін әрі қарай да ақтай беруге тырысамын.

Сондай-ақ матч басынан соңына дейін қолдауын аямаған жанкүйерлерге де алғысым шексіз.

-Өзіңіздің дебютті голыңыздан кейінгі көңіл-күйіңіз қалай?

-Гол соққан қашан да жақсы. Шынымды айтсам, осы мүмкіндікті, осы голды асыға күттім. Қуанышымда шек жоқ.