"Ақжайық 2001" қарсыластарын 4-0 есебімен тас-талқан етті

 Ел біріншілігіндегі кезекті матчын Шығыс Қазақстан облысының "Алтай 2001" командасына қарсы өткізген "Ақжайық 2001" қарсыластарын 4-0 есебімен тас-талқан етті.

"Алтай 2001" қақпасын Зейін Әлібеков екі рет дәл көздесе, тағы екі голды Магомед Оджиев пен Ернар Жолдыбай соқты.