«Ақжайық» футбол клубы мен «Otrar Travel» авиатур агенттігі серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

 «Ақжайық» футбол клубы мен «Otrar Travel» авиатур агенттігі серіктестік туралы меморандумға қол қойды.

1997 жылдан бері ел нарығында сәтті жұмыс жасап келе жатқан агенттіктің қазіргі таңда 11 өңірде офистары бар. 200-ден астам серіктес компания күн санап дамуда.

Агенттіктің Орал қаласындағы филиалының директоры Асель Каменова «Ақжайық» футбол клубының танымалдығын арттырып, жанкүйерлерінің көбеюіне күш салатынын айтса, клуб директоры Азамат Шайхы клуб атынан ризашылығын білдіріп, бағалы сыйлықтар ұсынды.