Лидерлер тең түсті.

 Келер маусымда Премьер Лигада өнер көрсетуді көздейтін батыстың қос ұжымы "Ақжайық" пен "Каспийдің" жолы Бірінші Лиганың тоғызыншы турында тоғысты. Өздері өнер көрсететін лига лидерлерінің "Петр Атоян" атындағы стадионындағы тартысын көрмекке көрермен көп жиналды. Қиқулай қолдаған жанкүйер сенімін ақтауға футболшылар бірден іске кірісті. Әр шабуылын соққымен аяқтаған "Каспийдің" шабуылына "Ақжайық" лайықты жауап қайырып отырды. Бірінші тайм орта белінен аса бергенде алаң иелерінің қорғаныстағы қателігін тиімді пайдаланған ақтаулық ойыншылар есеп ашты. Гол авторы Руслан Жанысбеков. 
Матчтың алғашқы бөлігі осылайша қонақтар пайдасына аяқталды. Екінші таймда жергілікті жанкүйер алдында намысқа тырысқан "Ақжайық" ойыншылары есепті теңестіруге бар күшін салды. Ақтау ойыншылары да оңай шағылар жаңғақ емес екендіктерін көрсете алды. 
Дегенмен, Авакянц шәкірттері көздеген мақсатына жетті. Есепті Сергей Шафф теңестірді. 
Кейін екі команда ойыншылары қанша тырысқанымен, есеп өзеріссіз қалды. 

 

 

 

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?