«Ақжайық-2007» республикалық жарыстан жүлделі оралды.

 

Тараз қаласында ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ж.С.Сауырғалиевті еске алуға арналған республикалық турнир өтті. Еліміздің Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстары мен Тараз қаласының 2007 жылы туған жасөспірім футболшылары бақ сынаған жарысқа «Ақжайық-2007» командасы да қатысты. Қарсыластарының барлығын оңай ұтып, финалға алқынбай жеткен Руслан Жангировтың шәкірттері финалдық кездесуде тараздық «Ұлан» командасына жол беріп, екінші орын иеленді.

Жарыс барысында өзінің шеберлігімен көзге түсіп, командасын алға сүйреген Алиби Куанышкерей турнирдің «Үздік қораушысы» атанды.

Какую позицию нужно усилить "Акжайыку" перед третьим кругом чемпионата?